Солтүстік Кипрде пышақталған 22 жастағы бойжеткен Қырғызстан азаматы болып шықты
Солтүстік Кипрде ер адам пышақ жарақатын салған қызға қатысты мәлімет пайда болды.
Кипрдегі оқиғадан зардап шеккен бойжеткен Қазақстан азаматы емес, қырғызстандық болып шықты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ведомствоның атап өтуінше, ол – Қазақстанда дүниеге келгенімен, Қырғыз Республикасының азаматы.
«Деректерді нақтылау барысында зардап шеккен азаматшаның Қазақстан тумасы екені, бірақ Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталды», – деп хабарлады ҚР СІМ.
Еске салсақ, осыған дейін Солтүстік Кипрде 22 жастағы қызға ер адам пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлаған едік. Жергілікті полицияның мәліметінше, оқиға 3 тамыз күні сағат 11:45 шамасында болған.