Қоғам

Тамыз айында Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болады

Құрғақшылық болатын аудандар аталды.

«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылдың тамыз айында Қазақстанның бірқатар ауданында құрғақшылық болатынын болжады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның жеті облысының жекелеген аудандарында атмосфералық құрғақшылық күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандарында қуаңшылық болады.

Ақтөбе облысында - Шалқар және Ырғыз аудандарында, Атырау облысында - Құрманғазы ауданында.

Сондай-ақ атмосфералық құрғақшылық келесі өңірлерде болады деп күтіледі.

  • Алматы облысының Балқаш ауданында;
  • Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас және Жамбыл аудандарында;
  • Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара, Жетісай, Бәйдібек және Келес аудандарында;
  • Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы және Шиелі аудандарында, сондай-ақ Қызылорда қаласында.

"Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында және Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында ылғалдылық деңгейі қалыпты болады деп болжанады. Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады деп күтіледі", - деді синоптиктер.