Жетісайда тойда "Ұрғашылар мен еркектер бірге отыруға болмайды" деген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Тойда уағыз айтқан 66 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Түркістан облысындағы Жетісайда тойда уағыз айтқан ер адамның үстінен полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігі ер адамның сөздерінде діни және әлеуметтік алауыздықты қоздыру элементтері бар екенін мәлімдеді.
Тергеу нәтижелері бойынша 66 жастағы ер адамның әрекеттеріне соңғы құқықтық баға беріледі.
Еске салайық, бұған дейін тойда тілек айтуға шыққан ер адам ұрғашылар мен еркектер бірге отыруға болмайды деп уағыз айтқан болатын. Ол екі мәселені өзгерту керек екенін тойларда музыканы алып тастау және әйелдер мен ерлерді бөлек отырғызу қажет екенін айтты. Оған қоса қария тойға келген әншілерді "шайтанның азаншысы" деп атады.