Қазақстанға тағы да аптап ыстық келе жатыр
Алдағы үш күнде күн +42 грудусқа дейін ыстық болады.
Елімізге тағы аптап ыстық келе жатыр. Синоптиктер 6-8 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонымен байланысты атмосфералық фронталды жүйелер Қазақстанның солтүстігі мен шығысында ауа райына ықпал етеді. Сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік өңірлерде жайлы ауа температурасы сақталады, күндіз аймақта 22-27°С жылы болады.
Ал батыс және оңтүстік өңірлердің тұрғындарын аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіп тұр.
Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен еліміздің батысында ауа температурасы 34-39°С-қа дейін, ал оңтүстігінде 37-42°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.