Басты жаңалықтар

Алматы облысында балалар азық-түлік сататын дүкенде оқып жүр

Талғардағы Нұра ауылында жалғыз мектептің жөндеу жұмыстары үш жылдан бері аяқталмай келеді. Осы уақыт ішінде балалар азық-түлік дүкенінің ғимаратында, мәдениет үйінде және әкімдікте білім алуға мәжбүр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Мұндағы жалғыз мектеп 2023 жылы жөндеуге жабылған. Жұмыстарды бір жылдан кейін аяқтау жоспарланған. Алайда содан бері үш жылдан астам уақыт өтті. Оқу орны жөндеуде тұрған кезде балалар жергілікті мәдениет үйінде, әкімдікте және азық-түлік дүкенінің ғимаратында оқыған. Ата-аналар мұндай жағдайды қорлық деп санайды және бұдан былай балаларын мектеп ғимаратынан басқа жерге жібергісі келмейді.

“Кіші балам екінші сыныпқа барады. Ол екі жыл дүкенде оқыды. Дүкенді жөндеп, балаларды сонда орналастырды. Жағдайы өте нашар. Бір партада екі-үш баладан отырады. Өте тар. Бар болғаны екі сағат оқиды. Сағат онда жіберсек, он жарымда үйге келеді. Бірінші сыныпта бала небәрі екі жарым сағат оқыды”, – дейді Нұра ауылының тұрғыны Надира Нұрданова.

Мектеп директорының айтуынша, балалардың бірнеше жыл бойы осындай жағдайда оқуына жауапсыз мердігер себеп болған. Оның сөзінше, бұрынғы компаниямен келісімшарт бұзылып, жұмысқа басқа мердігерлер тартылған.

“2024 жылы жөндеу жұмыстарын аяқтауы керек еді. Бірақ мердігер өз жұмысын сапасыз атқарып, белгіленген мерзімге үлгермеді. Соның салдарынан бәрі созылып кетті. Бастапқыда бұл мектепке 1 миллиард 100 миллион теңге бөлінген. Қосымша қаражат бөлінді ме, оны білмеймін. Қазір мұнда 31 адам жұмыс істеп жатыр. Тағы 20 адам қосылады. 25 тамызға дейін уақытында аяқтаймыз деп уәде беріп отыр. Жақын арада аяқтайды деп үміттенемін”, – дейді Нұра ауылы №12 орта мектебінің директоры Ержан Нүсіпжан. 

Алайда ата-аналар жөндеу жұмыстарының жақын арада аяқталатынына сенбейді. Себебі мектепте әлі де қызу жөндеу жүріп жатыр. Десе де мектептегі жылу жүйесі әлі аяқталмаған.

Спорт залда жөндеу жұмыстары әлі толық басталмаған. Қазір бұл жер қойма ретінде пайдаланылып отыр. Мұнда құрылыс материалдары, техника және басқа да заттар сақталған.

Тұрғындардың пікірінше, жөндеу жұмыстарының осынша уақытқа созылуына тиісті бақылаудың болмауы себеп. Атап айтқанда, облыс басшылығы тарапынан бақылау жеткіліксіз деп есептейді.

“Әкім облысқа келген төрт жылдың ішінде бір-ақ рет келді. Біз оны бір-ақ рет көрдік. Оған дейін үнемі хат жазып, өзіміз де барып жүрдік. Білім бөлімі жиі келеді, иә. Бірақ облыс әкімі бір-ақ рет келді. Оның бақылауы байқалмайды. Бұл күлкілі жағдай”, – дейді Нұра ауылының тұрғыны Әйгерім Нұрданова.

Егер мектеп жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілмесе, бұл күлкілі емес, үлкен мәселеге айналмақ. Себебі балалар қалыпты жағдайда білім ала алмайды. Ал ата-аналар енді балаларын жергілікті мәдениет үйіне, әкімдікке немесе дүкенге жіберуге ниетті емес.