Қазақстанда енді әлеуметтік төлем алушыларды жасанды интеллект анықтайтын болады
Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев кейбір әлеуметтік төлемдерді алушыларды анықтау үшін жасанды интеллект қолданыла бастайтынын мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жүйе әлеуметтік көмекке мұқтаж және оған үміткер азаматтарды анықтап, оларға төлем тағайындау туралы ұсыныс әзірлейді.
Бұл мерекелер мен атаулы күндерде тағайындалатын әкімдіктер тарапынан берілетін біржолғы әлеуметтік көмектер.
«Төлем тағайындау туралы соңғы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды», – деді ол.
Сонымен қатар қазан айынан бастап жасанды интеллект азаматтардың әлеуметтік жағдайы мен көмекке мұқтаждық деңгейін ескере отырып, мемлекеттік қолдау шараларын нақты бағыттап тағайындау үшін қолданылмақ.