"Ота жасаса, 3-4 ай сахнаға шықпайды": Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловке барды
Әнші, “МузАрт” тобының мүшесі Сәкен Майғазиев әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығына байланысты айтты деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуныша, Кенжебек Жанәбілов қазір дәрігерлердің бақылауында. Егер ота жасаса, 3-4 ай сахнаға шықпай демалуы қажет екен.
“Кенжештің халін сұрап, көңілін көтеріп қайттық. Екі күн бұрын қатты қысылып, ұстама болыпты. Бүгін беті бері қарапты. Алайда үлкен күтімді қажет етеді дейді мамандар. Бір сөзбен айтқанда, жеті рет өлшеп, бір рет кесу керек дейді. Ота жасаса, 3-4 ай сахнаға шықпай демалуына тура келеді. Кенжебек Тұрсынбайұлына дұға жасап қоялық. Алла шипа берсін”, – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Сәкен Майғазиев сырқаттанып қалған әріптесінің тез сауығып кетуін тіледі.
“Ауырып жатқан жанның ұнжырғасын түсіре бермей, күлкіге көмкеріп, көңіл-күйін көтеріп кету сауапты амалдардан екен. Құлан-таза жазылып, аттай шауып жүрсін”, – деді әнші.