Қоғам

Алматыда өзіне жол бермеген жүргізушіні соққыға жыққан ер адам ұсталды

Алматыда өзіне жол бермеген жүргізушіні соққыға жыққан жол талғамайтын көлік иесі ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы полициясы сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін оқиға Сейфуллин даңғылындағы Forum СОО маңында болғанын жазған едік. Қара түсті жол талғамайтын көлік жүргізушісі кері бұрылып, көлік ағынына қосылмақ болған, алайда басты жолмен келе жатқан жүргізуші оған жол бермеген.

Осыдан кейін ер адам оны артынан қуып жетіп, тоқтауға мәжбүрлеген. Екі көлік те тоқтаған кезде ер адамдар арасында жанжал шыққан. Соққыдан асфальтқа құлап, есінен танып қалған. Өтіп бара жатқан адамдар көмекке ұмтылған, ал шабуыл жасаған адам дәрігерлер келгенше кетіп қалған. Зардап шегуші жедел жәрдем көлігінде есін жиған.