Басты жаңалықтар

"+42 градусқа дейін ыстық": елімізде алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады

Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр, найзағай, желдің күшейеді.

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. 15 тамыздан бастап жауын-шашын тоқтап, еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы төмендейді.

«Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы тұрақты түрде ыстық болады. Оңтүстік ауа ағындары жауын-шашынсыз ауа райы мен жоғары температуралық фонды сақтайды. Күндіз ауа температурасы +37…+42 °C-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады», – делінген синоптиктер болжамында.