Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өз анасын пышақтап, шетелге қашып кеткен қазақстандық Вьетнамда ұсталды

Өз анасын пышақтап, шетелге қашып кеткен қазақстандық Вьетнамда ұсталды
Сурет: brestcity.com
Өз анасын пышақтап, шетелге қашып кеткен күдікті елге жеткізілді. Бас прокуратура оны Вьетнамнан тауып, қолына кісен салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Туған анасына пышақ ала жүгірген қаскөй маусым айында Вьетнамның Дананг қаласында құрықталған. Бас прокуратураның өтінішімен, Елшілік пен Интерполдың бірлескен жедел операциясының арқасында ол Отанына қайтарылды. Тергеу мәліметінше, оқиға былтыр қараша айында болған.

Үйінде мас күйінде жанжал шығарған ер адам туған анасына бірнеше рет пышақ сұғып, кейін дереу ізін суытқан. Ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген азаматқа халықаралық іздеу жарияланған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ҰОБ-сы қызметкерлері Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы елшілігінің жәрдемдесуімен, аталған елден денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапқа тарту мақсатында Қазақстан азаматы экстрадицияланды. Қылмыс жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - дейді
ҚР Бас прокуратурасының өкілі Саян Әбденов.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар