Алматыда үйлердің төбесінен қою қара түтін шығып жатыр
Әлеуметтік желіде Алматыда үйлердің төбесінен қою қара түтін шығып жатқан видео тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Куәгерлер қою қара түтінді видеоға түсіріп алды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, Жетісу ауданы Тобаяқов көшесіндегі қоймадан өрт шыққан. Тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстары шақыртудың жоғарылатылған дәрежесі бойынша жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнында өртті жою бойынша жедел штаб құрылды. Өртті оқшаулау және оттың таралуына жол бермеу мақсатында бірнеше сөндіру учаскесі ұйымдастырылды.