Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Басы, беті, мойны, кеудесі күйген": Шымкентте ер адам экс-жұбайының бетіне қышқыл шашып жіберген

"Басы, беті, мойны, кеудесі күйген": Шымкентте ер адам экс-жұбайының бетіне қышқыл шашып жіберген
Сурет: «Криминальный Казахстан»/Telegram
Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің бетіне қышқыл шашып жіберген. Салдарынан әйел адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Желідегі мәліметке сүйенсек, ерлі-зайыптылар шамамен бес жыл бұрын ажырасып кеткен. Олардың ортақ баласы бар. Әйел адам бүгінге дейін сұлулық салонында жұмыс істеп келген.

Әйелге экс-күйеуі  басқа нөмірден хабарласып, өзін клиент ретінде таныстырған. Өзін кешкі уақытта қабылдауын сұраған. Арнайы дайындалып келген ол қышқыл сұйықтығын әйелдің үстіне төккен.

Жәбірленушінің басы, беті, мойны, кеудесі, қолы, арқасы мен иығы қатты күйіп қалған. Қазір ол ауруханада жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға несие мен алимент төлеуге қатысты мәселелер себеп болуы мүмкін.

Ер адам ұсталды. Оқиға бойынша Қаратау аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар