Қоғам

Нұрай Серікбайдың өлімі: Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот үкімі шықты.

Айыпталушы Шерхан Аймаханға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот 13 тамыз күні іске байланысты үкім шығарды. Шерхан Аймахан қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы – аса қатыгездікпен адам өлтіру, 125-1-бабы – некеге тұруға мәжбүрлеу және 115-1-бабы – сталкинг бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 

Сонымен қатар ол 25 миллион теңге моралдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Еске салсақ, қаңтарда Шымкентте 21 жастағы студентті жас жігіт асқан қатыгездікпен пышақтап өлтірген еді.