Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс сотқа берілді
Астанада қызмет барысында үстіне қасбет құлап, алған жарақатынан қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа түсті, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
6 тамызда қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.
Елордалық соттың баспасөз қызметі іс материалдарының түскенін, бірақ алдын ала тыңдалым күні әлі белгіленбегенін айтты.
Еске салайық, 2025 жылғы 8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайында орналасқан тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған.