ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: балалардың қауіпсіздігі – сөзсіз басымдық
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауминистрлігі балаларды сауықтыру ұйымдарындасанитариялық-эпидемиологиялық талаптардыңсақталуын бақылауды одан әрі күшейтуде.
Ата-ананың өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыстексерудің қорытындысы бойынша Қостанайоблысында сот шешімімен санитариялықнормалардың өрескел бұзушылықтары анықталған«Светофор» балалар сауықтыру орталығыныңқызметі тоқтатылды.
Жүргізілген тексеру барысында өтініштекөрсетілген барлық фактілер расталды. Мамандартамақтандыруды ұйымдастыру, сумен қамтамасызету, аумақ пен үй-жайлардың санитариялық жай-күйі, сондай-ақ персоналдың міндетті медициналықтексерулерден өту талаптарының бұзылғанынанықтады. Іс материалдарын қарау нәтижесінде сот орталықтың қызметін тоқтату туралы шешімқабылдады, ал бұған дейін берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының күші жойылды.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігісанитариялық-эпидемиологиялық қорытындыныберу кезінде заң бұзушылықтарға жол бергенлауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойыншакінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Денсаулық сақтау министрлігі әрбір азаматтыңөтініші ерекше бақылауда екенін атап өтеді. Балалардың қауіпсіз демалысы мен сауықтырылуыүшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етумемлекет үшін сөзсіз басымдық болып қала береді.