Қоғам

Қонаев тұрғыны лотереядан iPhone 17 Pro ұтып алды

Қонаев қаласының тұрғыны «Сәтті Жұлдыз» лотереясынан iPhone 17 Pro ұтып алды. Жеңімпаз күтпеген жаңалықты алғаш естігенде оның рас екеніне бірден сене қоймаған, деп хабарлайды KYN.KZ.

Спортпен айналысатын азаматқа ұтыс туралы телефон арқылы хабарлаған. Алайда ол қоңырауды алғашында әзіл немесе қалжың деп қабылдап, бағалы сыйлықтың иегері атанғанына сенбеген.

Жаңалықтың рас екенін білген соң, қуанышын ең алдымен анасымен бөлісіп, сүйінші сұраған. Артынша отбасы мүшелері бір-бірін құттықтап, күтпеген ұтысты бірге атап өткен.

Кейін жеңімпаз «Сәтті Жұлдыз» кеңсесіне барып, ұтып алған iPhone 17 Pro смартфонын қолына алды.

Белгілі болғандай, Қонаев тұрғыны лотереяға алғаш рет қатысып отырған жоқ. Ол бірнеше жылдан бері «Лото 6/46», «5/36» және «4/20» ойындарына қызығушылық танытып, ара-тұра бағын сынауды әдетке айналдырған.

Жеңімпаз өзі секілді лотереяға қатысып, бағын сынап жүрген азаматтарға сәттілік тілеп, күтпеген жеңіс әркімнің басында болуы мүмкін екенін жеткізді.

Егерде, бағыңызды сынап көргіңіз келсе, билетті "Сәтті Жұлдыз" лотереясының ресми сайтынан ала аласыз. Жақын күндері су жаңа көлік ұтысқа қойылады.Бағыңызды сынап көргіңіз келсе https://sz.kz/game?gameid=1079&ispack=true сілтемесіне өтіңіз.