YouTube-та Джо Хаттабтың Қазақстан туралы видеосы шықты: ол қазірдің өзінде рекорд жаңартып жатыр
Тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (bydastann) әлемге танымал деректі фильм түсіруші Джо Хаттабтың Қазақстанға арналған жаңа деректі фильмінің жарыққа шыққанын хабарлады.
Фильм блогерлердің Қазақстан бойынша бірге жасаған сапарының нәтижесінде түсірілген. Бұл сапарда Дастан шетелдік қонаққа жол көрсетуші болды.
Фильм шын мәнінде таңғажайып шыққан. Ал оның керемет визуалы жанр классикасына айналуға лайық. Кадрларда Іле Алатауының лаванда алқаптары, Маңғыстаудың ғарыш іспетті пейзаждары мен елорданың футуристік көріністері бейнеленген. Осының барлығы фильмнің жарыққа шыққаннан кейін бірден миллиондаған қаралым жинауына мүмкіндік берді.
Мұхамедрахым оқырмандарына Джо Хаттабтың Сальвадордағы түрмеде түсірген тағы бір резонансты фильмін де еске салды. Аталған видео шамамен 100 миллион қаралым және 51 мың пікір жинап, оның арнасындағы ең көп талқыланған жұмыстардың біріне айналған. Блогер Қазақстан туралы жаңа фильм үшін дәл осы көрсеткішті меже ретінде атады.
Дастан қазақстандық оқырмандарын өзіндік челленджге қатысуға шақырып, Қазақстан туралы жаңа фильмнің астындағы пікірлер саны бойынша рекорд орнатуға тырысуды ұсынды. Қазақстандықтар бұл бастамаға қазірдің өзінде белсенді түрде қосылды. Белсенділіктің өсу қарқынына қарағанда, Қазақстан туралы фильм атақты саяхатшының ең көп қаралған жұмыстарының өзін басып озуы мүмкін.
Айта кетейік, Джо Хаттаб пен Дастан Мұхамедрахымның Қазақстан бойынша бұл сапарына MegaAmerican есімімен танымал тағы бір Instagram тревел-блогер де қатысты.