Мәдениет

Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасынан зардап шеккендерден кешірім сұрады

Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша 5 жылға сотталған Мейіржан Төребаев көп уақыт үзілістен кейін сұхбат берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Вайнер Мейіржан Төребаев Майя Бекбаеваға берген сұхбатында қаржы пирамидасына қатысты ойын айтты. Ол осы іске байланысты ақша салған адамдардан кешірім сұрады.

“Мен салымшылардан шын жүректен кешірім сұраймын. Арам ойым болған жоқ, осылай болғаны өте өкінішті”, – деді ол.

Ол қамауда болған кезінде жақындарына көмектесе алмағанына жанына бастқанын айтты.

“Денім сау, ақыл-есім дұрыс бола тұра отбасыма көмектесе алмауым жаныма батты. Ең қиыны сол болды”, – деді Төребаев.

Еске салайық, 2023 жылғы 23 маусымдағы сот үкімімен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы (инвестициялық) пирамидасын құрып, басқарғаны үшін кінәлі деп танылған. Олардың әрқайсысы бес жылға сотталған. Алайда 2025 жылғы 3 шілдеде Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты, ал Мейіржан Төребаев жазасын өтеуді жалғастырған еді.