Қоғам
1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушылары жаңа тәсілмен бағаланады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:40
- 28
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде 2-4-сынып оқушыларын бағалаудың жаңа тәсілі енгізіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілін қайта қарады. Шынар Ақпарованың айтуынша, критериалды бағалау жүйесі сақталады. Осыған сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-4-сыныптарда бағалаудың жаңартылған тәсілдері енгізіледі.
"Бірінші сыныпта баға қойылмайды. Жаңартылған тәртіпте формативтік бағалау сақталып, оның рөлі күшейтіледі. Ал оқу бөлімдерін меңгеру нәтижесін анықтау үшін аралық бағалау енгізіледі. Ең алдымен формативтік бағалаудың тоқсандық бағадағы үлесі артады. Формативтік бағалау бұрынғыдай 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі. Тек балл қою тәсілі нақтыланады", – деді спикер баспасөз конференциясында.




