Оқушы сабаққа мектеп формасымен келмесе ата-аналар жауапқа тартылады
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова "оқушы білім орталығына мектеп формасын кимей келсе, сабаққа кіруге тыйым салына ма?" деген сұраққа ажуап берді.
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова оқушы мектеп формасына қойылған талаптарды бұзғаны үшін ата-анасының жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Шынар Ақпарова айтуынша, мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін ата-аналар жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
"Білім туралы" заңда оқушыларға қатысты 47-бап және ата-аналарға қатысты 49-бап бар. Ата-аналар білім беру ұйымы ата-аналармен және қамқоршылық кеңеспен бірлесіп белгілеген мектеп формасын кию талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған”, – дейді Шынар Ақпарова.
Оның айтуынша, айыппұл мөлшері – 5 АЕК, яғни 21 625 теңге.