Сурет үшін вагонның үстіне шыққан: Қостанайда 15 жастағы жасөспірімнің денесі күйіп қалды
Қостанайда желіге сурет жариялау үшін вагонның үстіне шықпақ болған 15 жастағы жасөспірімнің денесі 60%-ы күйіп қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Наш Костанай” порталына сілтеме жасап.
Облыстық аурухананың травматолог-ортопед дәрігері Мирас Ельжасовтың айтуынша, жасөспірім теміржол вагонының үстіне шығып, суретке түскісі келген.
“Нәтижесінде электр жарақатын алып, денесінің 60 пайыздан астам бөлігін ауыр термиялық күйік шалды. Оны бірден жансақтау бөліміне жібердік. Ол онда бір жарым ай жатты. Қуанышына орай, қолдары мен аяқтарын аман алып қала алдық”, – дейді дәрігер.
Дәрігердің айтуынша, әлемдік және республикалық статистикаға сәйкес, мұндай жарақат алған балалардың 90%-ы алғашқы аптада қайтыс болады. Алайда дәрігерлер жасөспірімнің өмірін сақтап қалды.
Осы күндері науқас жансақтау бөлімінен палатаға ғана ауыстырған. Алдағы екі-үш аптадан бұрын науқасты ауруханадан шығарылмайтынын айтты.
Жасөспірімнің әжесі сол күні болғанын айтып берді.
“Сол күні полиция қоңырау шалып, болған оқыс жағдайды айтты. Алайда мен телефон алаяқтары деп ойлап, тұтқаны қоя салдым. Біз оған әрдайым кешкі сағат 10-ға дейін қыдыруға рұқсат береміз. Оған қоңырау шалып: "Қайдасың?" деп сұраймын. Сол күні сәл кешігіп қалдым. Балам болған жағдайды растағанда, есеңгіреп қалдым”, – деп еске алды Екатерина Владимировна.
Жасөспірімнің өзі де оқыс жағдайдың қалай болғанын айтуға қауқарлы. Оның сөзінше, ол достарымен үйге баратын жолды қысқартпақ болған.
“Біз достарымызбен өз ауданымызда қыдырып жүріп, №5 емхананың маңына келдік. Үйге баратын жолды қысқарту үшін теміржол бойымен жүрдік. Пойызды көріп, суретке түспек болдық. Мен вагонның төбесіне отырдым, ал досым мені суретке түсірді. Одан кейін не болғанын маған досым айтып берді. Мен орнымнан тұрғанда, электр доғасы соқты. Содан ұшып кетіп, екі метр жерге құладым. Есімнен танып қалдым. Есімді жиған соң, үйге барғым келді. Бірақ жедел жәрдем дәрігерлері маған ауырсынуды басатын дәрі егіп, ауруханаға алып кетті. Қабылдау бөлімінде бәрінің маған бақырайып қарап тұрғаны есімде. Содан кейін қайтадан есімнен танып қалдым”, – дейді жасөспірім.
Ол сол күні түскен суретті өз парақшасына жариялап үлгерген.
Баланың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлердің бір жарым ай бойы күрескен. Дәрігер Мирас Болатханұлы барлық әріптестеріне, сирек әрі қымбат дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге көмектескен демеушілерге, жасөспірімнің көңілін түсірмей, әрдайым қолдау көрсеткен туыстарына және оған сирек кездесетін, төртінші теріс қан тобын тапсырған мүлде бейтаныс жандарға алғысын білдіреді. Оның сөзінше, науқастың өзі де өмірі үшін талмай күресті.