“Иә, мойындаймын”: боксшы Данияр Елеусінов алкогольге тәуелділікпен күресіп жүргенін айтты
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов соңғы жылдары алкогольге тәуелділікпен күресіп жүргенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әлеуметтік желіде жазып, соңғы жылдары басынан өткеріп жүрген қиындықтарымен бөлісті.
“Иә, мойындаймын. Олимпиададан кейін алкогольге әуестеніп, ішімдікке тәуелділігім артты”, – деді боксшы.
Спортшы алкогольге қалайша тәуелді болып кеткенін өзі де толық түсінбейтінін айтты.
“Адамдар мұны өз басына түспейінше түсінбейді. Бүгін күлген нәрсең ертең өзіңнің сынағыңа айналуы мүмкін”, – деді ол.
Елеусінов өмірінде көп нәрсеге қол жеткізгенін, алайда бұл ол үшін күрделі сынақ екенін айтты. Сондай-ақ боксшы көпшілікті ішкілікке салынған адамдарды мазақтамауға, айыптамауға шақырды.