Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда 8 мектеп ашылып, жасанды интеллект енгізіледі

Алматыда 8 мектеп ашылып, жасанды интеллект енгізіледі
Алматыда қазір білім беретін 1 828 ұйым жұмыс істейді.

Алматыда 1 қыркүйекке дейін 8 жаңа мектеп ашылып, жұмыс істеп тұрған білім беру нысандарындағы жөндеу жұмысы толық аяқталады. 133 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, отбасыларға балаларын оқу жылына даярлауға көмек көрсетіледі. Қала мектептеріндегі тағы бір елеулі өзгеріс – жасанды интеллектінің егзізіле бастауы. Алматының жаңа 2026–2027 оқу жылына даярлығы мен «Мектепке жол» акциясының барысы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында қалалық Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев айтып берді.

Алматыда қазір білім беретін 1 828 ұйым жұмыс істейді. Оның қатарында балабақшалар, мектептер, колледждер мен қосымша білім беретін ұйымдар бар. Бұл мекемелерде жалпы саны жарты миллионға жуық бала білім алады.

Биыл 356 968 оқушы мектеп табалдырығын аттайды. Бұл былтырғыдан 7 670 балаға көп. Мектептің саны да қатар өсіп келеді: қалада қазір 362 орта білім беру ұйымы бар. Оның 235-і мемлекеттік те, 127-сі жеке меншік ме

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар