Қоғам

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды

Астана қалалық сотында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы 1-бөлігі «Міндеттеріне адал қарамау» бойынша жүргізілген.

Ұлдана Мырзуан тарапының адвокаты Нұрсұлтан Орынбек бірінші сот отырысында тараптардың ұстанымы белгілі болатынын айтты.

Еске салсақ, 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан Астанада тұрғын үй ғимаратының қасбеті құлаған кезде зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде ауыр жарақат алған болатын. Кейін ол ауруханада көз жұмды.