Ұлдана Мырзуанның өлімі: сотталушы сотта сөз сөйледі
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:07
- 47
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Сотталушылар қатарында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязова отыр.
Судья Меруерт Абаеваның тағылған айыптарға қатысты ұстанымын білдіргісі келе ме және айғақ бере ме деген сұрағына Жұбаниязова: "Өзімді кінәсіз деп санаймын" деп жауап берді.
Судья тағылған айыптар бойынша кінәсін мойындай ма деп қайталап сұрады, бұған Жұбаниязова: "Жоқ, мойындамаймын", - деп жауап берді.
– Толықтай мойындамайсыз ба? – деп нақтылады судья.
– Жоқ, мойындамаймын, – деп қайталады сотталушы.
Бүгін сот дәлелдемелерді зерттеу тәртібін де бекітті: алдымен жәбірленушілерден, содан кейін куәгерлерден және сотталушыдан жауап алынады. Содан кейін сот іс материалдарын жариялауға және тіркелген бейнежазбаларды қарауға көшеді.
"Бұған дейін сот қорғау тарапының қылмыстық іс материалдарымен танысуға уақыт беру туралы өтінішін қанағаттандырғанын ескере отырып, сот отырысында 2026 жылғы 20 тамыз сағат 10:00-ге дейін үзіліс жарияланады", - деп түйіндеді судья.
Осылайша, Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша келесі сот отырысы 2026 жылғы 20 тамыз сағат 10:00-ге белгіленді.




