Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Еркек емес — малсыңдар": Димаш Құдайберген әйеліне қол көтеретін ер адамдарды сынға алды

"Еркек емес — малсыңдар": Димаш Құдайберген әйеліне қол көтеретін ер адамдарды сынға алды
Сурет: ашық дереккөздерден
Димаш Құдайберген кейбір еркектерді сынға алды.

Танымал әнші Димаш Құдайберген әйелге қол көтеріп, кейін өзін еркек санайтын азаматтарды қатаң сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі мұндай әрекетті адамгершіліктің ең төменгі шегі деп бағалады.

«Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес — малсыңдар болды. Әйелге әлжіметтік жасап абырой жинаймын деу — адамдықтың ең төменгі шегі!» — деп жазды Димаш Құдайберген.

Әншінің бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар