Қоғам

Биыл Атырауда 158 адам қайтарымсыз мемлекеттік грант алды

Биыл Атырау облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 400 айлық есептік  көлемінде 330 мемлекеттік грант беру жоспарланған.

Тамыз айында оның 158-і берілді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мемлекеттік гранттарды беру кезең-кезеңімен, белгіленген легтер бойынша жүзеге асырылуда. Бірінші лек бойынша өтініштер маусым-шілде айларында қабылданды.

Грант иегерлерінің 102-сі - ауыл тұрғындары.

Берілген гранттардың 32-сі инвентарь алуға, 9-ы еңбек құралдарына, 100-і технологиялық жабдықтарға, 6-уы мал, 7-еуі құс алуға бағытталды. Сонымен қатар 3 грант көшет отырғызуға, 1 грант жалға алу шығындарына берілді.

Мемлекеттік грант алғандардың қатарында 99 көпбалалы ана, 22 мүгедектігі бар адам, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 31 ата-ана және асыраушысынан айырылған 6 азамат бар.