Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Талғат екеуміз ажырастық”: блогер Айым Сейітметова жазба жариялады

“Талғат екеуміз ажырастық”: блогер Айым Сейітметова жазба жариялады
Сурет: ашық дереккөздерден
Актриса әрі блогер Айым Сейітметова күйеуі Талғатпен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

“Талғат екеуміз ажырастық. Біздің жақсы сәттеріміз де көп болды, отбасымыз болды. Ең бастысы – бізді өмір бойы байланыстыратын қызымыз бар”, – деп жазды ол.

Актриса некені ары қарай жалғастыруға мүмкін емес екенін айтты. Ол ең бастысы бұрынғы жұбайымен арадағы сыйластықты сақтап қалғысы келетінін атап өтті.

“Қызымыз әке-шешесінің екеуінің де махаббатын сезініп өссе деймін. Біздің ересектер ретінде қабылдаған шешіміміздің салдарын бала көтермеуі керек”, – деген актриса.

Сондай-ақ ол оқырмандарынан бұл жағдайдан сенсация іздемеуді, түрлі болжам жасамауды және тараптардың ешқайсысына тіл тигізбеуді сұрады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар