Қоғам

«Ең биік үн»: Альпинист Мақсұт Жұмаев қазақстандықтарға үндеу жасады

«Ең биік үн»: Альпинист Мақсұт Жұмаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Алматыда қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев биіктігі шамамен 4 мың метр болатын Амангелді шыңына көтеріліп, қазақстандықтарға бейнеүндеу жолдады. Ол ел азаматтарын Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды.

Бейнеүндеуінде альпинист қазақстандықтарды 23 тамызда сайлау учаскелеріне келіп, елдің болашағын қалыптастыруға атсалысуға үндеді.

– Біз өзіміз таңдаған, ертең біздің алдымызда жауап беретін партияға дауыс беруіміз керек. Біз болашағымызға нық әрі батыл қадам басып келеміз. Осы сайлауда алға қадам жасауға дайын екенімізді дәлелдеуіміз қажет. Өз болашағыңызды таңдауға қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар, – деді альпинист бейнеүндеуінде.

Кейін Мақсұт Жұмаев бұл оның өміріндегі күрделілік санаты бар бағыт бойынша алғаш рет жалғыз өзі жасаған өрлеуі екенін айтты. Оның сөзінше, бағыт қауіпті болғанымен, көпжылдық тәжірибесі шыңға сәтті көтерілуіне мүмкіндік берген.

Жұмаев өзінің бұл спорттық жетістігін азаматтық жауапкершілікпен де байланыстырды.