Басты жаңалықтар

21 тамыз Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Елдің солтүстік жартысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыс өңірлерде және Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады.

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін деп болжанады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +21...+23°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +30...+32°C.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +35...+37°C.

Ақтөбеде күн бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +30...+32°C.

Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +30...+32°C.

Атырауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +35...+37°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +21...+23°C.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +22...+24°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +31...+33°C.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +27...+29°C.

Қызылордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +33...+35°C.

Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +21...+23°C.

Петропавлда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +23...+25°C.

Семейде күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +28...+30°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +31...+33°C.

Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +35...+37°C.

Оралда көшпелі бұлтты, түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.

Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +21...+23°C.