Қоғам

Қазақстанда "Құрылтай" есімді 10 адам тұрады

Қазақстанда Құрылтай есімін және оның түрлі нұсқаларын иемденген қанша адам бар екені белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бюро мәліметінше, елімізде Құрылтай есімімен аталатын жандар өте сирек кездеседі.

"2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша 10 азамат Құрылтай, Курылтай, Курултай және Курлтай есімдерімен тіркелген. Олардың алтауы – ер адам, төртеуі – әйел", - делінген хабарламада.

Құрылтай есімі мен оның нұсқаларын иемденгендердің басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тұрады – төрт адам. Тағы екі адам Алматыда тіркелген. Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында бір-бір адамнан бар.

Сирек есімге ие 10 адамның бесеуі 65 жастан асқандар тобына жатады. Олардың ең үлкені – 80 жаста. Сондай-ақ, 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы топтарда бір-бір адамнан тіркелген.