Қоғам

Докторанттардың шәкіртақысы екі есе өсуі мүмкін

Қазақстанда докторанттардың шәкіртақысын алдағы 3-4 жыл ішінде тағы екі есеге арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанада өткен "Болашақ бейнесі: нәтижеден жаңа стратегияға" атты форумда мәлімдеген.

Министрдің айтуынша, бұған дейін де докторанттардың шәкіртақысы екі есе өскен.

"Қазір докторанттардың шәкіртақысы - айына 252 мың теңге. Алдағы 3-4 жыл ішінде оны тағы екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз", - деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ, министр Қазақстанда "Индустриялық PhD" бағдарламасы іске қосылғанын жеткізді. Енді жас ғалымдар өндірістен қол үзбей, жеңілдетілген тәртіппен үш жыл ішінде PhD дәрежесін ала алады.