«Төрағаны ауыстыратын уақыт келді» – «Жасылдар» партиясының мүшесі «Байтақ» басшылығын жаңартуды талап етті
«Байтақ» партиясының басшылығын ауыстыру қажет. Партия мүшесі Нұрлан Көптілеуов осындай мәлімдеме жасады. Ол «Байтақтың» қазіргі төрағасы Азаматхан Әміртаевтың жұмысын сынға алып, саяси ұйымның дамуына кедергі келтіріп отырған бірқатар кемшілікті атап өтті.
Автор негізгі мәселелердің бірі ретінде партияның экологиялық күн тәртібі бойынша нақты шешімдері жоқ дейді. Оның айтуынша, «Байтақ» Арал мен Балқаш мәселесі туралы көп айтады. Алайда тек проблемаларды көтеріп қана қойып, нақты іс-шаралар – іске асыру тетіктері, қажетті ресурстар, институттар мен мерзімдер ұсынылмайды.
«Тек мәселені көтеру енді жеткіліксіз. Партия экологиялық мәселе туралы дабыл қағып қана қоймай, оны шешудің жолын да көрсетуі керек», – деп атап өтті автор Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасында.
Сынның тағы бір бөлігі партияның саяси стратегиясына қатысты. Автор «Байтақтың» 2023 жылғы сайлауда Парламентке өтпегенін еске салды. Оның пікірінше, бұл жіберілген қателіктерге байыпты талдау жасап, стратегияны қайта қарауға себеп болуы тиіс еді. Алайда оның айтуынша, партия көшбасшысы бұл олқылықты өзгертуге ұмтылыс танытпады.
«Бір электоралдық цикл өтті. Сол кезде партия Парламентке өтпеді. Бұл қателіктің неден болғанын, стратегияда, коммуникацияда және саяси көшбасшылық стилінде нені өзгерту қажет екенін байыпты талдауға себеп болады деп ойлауға болар еді. Алайда бүгінде біз тек бұрынғы жұмыс қалыбының қайта қайталанғанын көріп отырмыз», – деді Нұрлан Көптілеуов.
Көптілеуовтың пікірінше, Әміртаевтың сөздерінде әлі де агрессивті риторика басым. Ал заманауи экологиялық саясат ғылымға, технологияларға, экономикалық құралдарға, халықаралық ынтымақтастыққа және ұзақ мерзімді жоспарлауға негізделуі керек. Автордың жазбасында айтылғандай, тек жалаң эмоция нақты шешімдердің орнын баса алмайды.
«Біз мұны терең өкінішпен бақылап отырмыз. Біз партияның бастауында бірге тұрдық. Оның идеясына сендік және Қазақстанда мықты, заманауи экологиялық саяси күш пайда болғанын қаладық. Сондықтан қазіргі көңіл толмайтын жұмыс нәтижелерін көру бізге өте ауыр», – дейді Көптілеуов.
Жазбада партия басшылығының саяси жауапкершілігі мәселесі де көтерілген. Автор партияда көшбасшы жұмысына баға берудің нақты критерийлері мен оны ауыстырудың түсінікті тетіктері болуы қажет деп санайды. Оның пікірінше, саяси ұйым бір адамның жеке жобасына айналмауы тиіс.
«Бұл жерде біздің ұстанымымыз айқын. Біз Азаматхан Әміртаевқа адам ретінде ешқандай талап қоймаймыз. Бірақ партия көшбасшысы ретінде оған қояр сұрағымыз көп. Ол «Байтақты» қайда бастап барады? Біз партия басшылығындағы тек фамилияның ауысуын талап етіп отырған жоқпыз. Біз партияның саяси басшылығының жаңаруын, жаңа көшбасшылардың пайда болуын және партия мүшелері алдындағы жауапкершілік тетіктерін қалыптастыруды талап етеміз. Өйткені «Байтақ» бір адам үшін құрылған жоқ», – деп мәлімдеді Нұрлан Көптілеуов.
Осыған байланысты, ол партия төрағасын жай ғана ауыстырумен шектелмей, басшылықты толық жаңартуды, жаңа көшбасшыларды тартуды және партия мүшелері алдындағы жауапкершілік тетіктерін қалыптастыруды ұс