Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман алғышқылардың бірі болып дауыс берді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман алғышқылардың бірі болып дауыс берді
kyn.kz
Қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Осман Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.

Асылы Осман №64 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді. Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысқан ардақты ұстаз, тіл жанашыры өз азаматтық ұстанымын білдіріп, сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінгі жиынның жөні бөлек. Бұл – үлкен той. Өйткені «Құрылтай» деп бірінші аталып келгеніне өзім ерекше баға беремін. Мен мұндай кезде үйде жатып қалмай, келіп, елімізді асқақтатуға өз үлесімді қосуымыз керек деп есептеймін. Сондықтан ең алдымен дауыс беріп, өз үнімді қосуға келдім. Қазақстанның топырағын басып, суын ішіп жүрген жанның барлығы сайлауға қатысып, өз таңдауын жасағаны дұрыс.

Бұл Құрылтайдың жөні бөлек. Құрылтай – сонау ата-бабаларымыздан келе жатқан, маңызды мәселелерді шешу үшін елдің белгілі тұлғаларының басын қосатын, мемлекеттің қандай дәрежеде болуы керектігіне қатысты мәселелерді талқылайтын басқосу. Сондықтан бүгінгі Мемлекет басшысының «Құрылтай» деп атағанына ерекше ризашылығымды білдіремін. Өйткені Құрылтай – ата-бабаларымыздан келе жатқан үлкен дәстүр. Осы бастама сәтті болсын! Әр азаматты бүгінгі саяси маңызды оқиғаға өз үлесін қосып, өз даусын беруге шақырамын», – деді Асылы Осман.

Асылы апамыз елдің бірлігі мен тұрақтылығы осындай саяси маңызды оқиға кезінде айқындалатынын атап өтті. Сондай-ақ ол жастардың ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуы маңызды екенін айтты.

«Мен әрбір сайлау сайын елімді, халқымды, жерімді сүйгендіктен, халқымды сыйлағандықтан, ел алдына бірінші болып келіп, өз үнімді қосуға тырысамын. Мұндай оқиға күнде болып жатқан жоқ. Осындай маңызды кезеңдерде біздің бірлігіміз де, достығымыз да, отансүйгіштігіміз бен өзара түсіністігіміз де арта түседі», – деді қоғам қайраткері.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар