Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматылық спортшы Назым Қызайбай Құрылтай сайлауында дауыс берді

Алматылық спортшы Назым Қызайбай Құрылтай сайлауында дауыс берді
kyn.kz
Алматы мен Қазақстанның ең атақты спортшыларының бірі, бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс берді.

Алматылық спортшы Алматы облысындағы Жаңашар ауылында, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепте орналасқан сайлау учаскесінде таңдау жасады.

Назым Қызайбай – Қазақстан тарихындағы әйелдер боксы бойынша тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы және XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

«Мен үшін сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымымды білдіріп, ел болашағына үлес қосудың мүмкіндігі. Әр азамат таңдауының маңызды екенін түсінуі керек. Бүгін сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышымды өтедім», – деді Назым Қызайбай.

Қазір спортшы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынында жүргеніне қарамастан, сайлауға қатысу үшін алдын ала есептен шығару куәлігін алған. Назым Қызайбайдың айтуынша, ол қоғамдағы маңызды оқиғалардан шет қалмауға тырысады және сайлауға тұрақты қатысып келеді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар