Қоғам

ШҚО агроқұрылымдарының қызметкерлері өз таңдауын жасады (Видео)

Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметкерлері дауыс беруге қатысып, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырып, саналы таңдау жасады.

Прапорщиково ауылында «Тамирлан и К» ЖШС-нің қызметкерлері сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Кәсіпорын директоры Жамбусинов Рустам Қуандыұлы да дауыс беруге қатысты.

Аграрлық сала өкілдері үшін дауыс беруге қатысу — өз азаматтық ұстанымын білдіріп, өңір мен елдің болашағына үлес қосудың маңызды мүмкіндігі.