ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікпен ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 тамыз, 2026
- 190
Риддерде кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Алдын ала ақпарат бойынша, қызға ер адам бірнеше жыл бойы зорлық көрсетіп келген. Қазір оның жасы шамамен 14-те.
Полиция күдіктіні ұстаған. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамды зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс аясында сот сараптамалары тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысы ведомство басшылығының бақылауында.
Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге де мән-жайлары ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда балағат сөйлегендерге енді айыппұл салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қыркүйек, 2026




