Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып қайта тағайындалды
Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ермек Сағымбаев 2022 жылдың қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болып тағайындалған. Сол жылдың қарашасында бұл қызметке қайта тағайындалды.
Ермек Сағымбаев 1967 жылы 11 қазанда туған. Үш бала тәрбиелеп отыр.