Қоғам

Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлері анықталды

Магистратура бойынша 2026-2027 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды. Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты.

Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысты. Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін мына сілтемелерден көре аласыздар.