Қоғам

Түркістан облысында 65 жастағы әйелді үйінде тонап, ұрып-соққан күдіктілер ұсталды

Түркістан облысында Леңгірде түнгі уақытта 65 жастағы тұрғыннің үйіне кіріп, ұрып-соққан екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, оқиға түнгі уақытта болған. Екі белгісіз адам әйелдің үйіне заңсыз кіріп, оған дене жарақатын салған. Кейін ұялы телефонын алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктілердің жеке басын және жүрген жерін анықтады.

«Күдікті ретінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», – делінген ПД хабарламасында.