Құрылтай депутаттарына куәліктері мен төсбелгілері табысталды
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайдың сайланған 145 депутатын ресми түрде тіркеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның мәліметінше, депутаттар партиялар бойынша мынадай тәртіппен тіркелді:
- “Әділет” партиясы – 110 депутат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8 депутат;
- “Ауыл” партиясы – 10 депутат;
- “Ақ жол” Қазақстанның демократиялық партиясы – 8 депутат;
- Respublica партиясы – 9 депутат.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтай депутатының өкілеті тіркелген сәттен басталатынын айтты.
“Енді сіздер – Қазақстан Республикасының заң шығарушы билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган – Құрылтайдың депутаттарысыздар”, – деді ол.
Жиын соңында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы депутаттарға куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.