Жаңа заң шығарушы орган Сенат пен Мәжілістің орнына құрылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алғашқы сессия барысында депутаттар жаңа заң шығарушы органның жұмысын ұйымдастыруға қатысты мәселелерді қарастырады. Сондай-ақ Құрылтайдың алдағы қызметінің негізгі бағыттары айқындалады.
Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтті. Дауыс беруге 9 351 539-дан астам сайлаушы қатысып, жалпы белсенділік 74,08%-ды көрсетті. Депутаттар партиялық тізім бойынша сайланды. Сайлау нәтижесінде бес саяси партия Құрылтай құрамына енді.
Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижелерін бекітіп, 145 депутаттың мандатын бөлді. Оның ішінде «Әділет» партиясы – 110, «Ауыл» – 10, Respublica – 9, «Ақ жол» – 8 және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 8 мандат иеленді.
Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл. Олар бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды.



