Қоғам

Құрылтай ресми түрде жұмысын бастады

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Құрылтайдың тұңғыш сессиясы басталды.

Жаңа заң шығарушы орган Сенат пен Мәжілістің орнына құрылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алғашқы сессия барысында депутаттар жаңа заң шығарушы органның жұмысын ұйымдастыруға қатысты мәселелерді қарастырады. Сондай-ақ Құрылтайдың алдағы қызметінің негізгі бағыттары айқындалады.

Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтті. Дауыс беруге 9 351 539-дан астам сайлаушы қатысып, жалпы белсенділік 74,08%-ды көрсетті. Депутаттар партиялық тізім бойынша сайланды. Сайлау нәтижесінде бес саяси партия Құрылтай құрамына енді.

Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижелерін бекітіп, 145 депутаттың мандатын бөлді. Оның ішінде «Әділет» партиясы – 110, «Ауыл» – 10, Respublica – 9, «Ақ жол» – 8 және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 8 мандат иеленді.

Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл. Олар бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды.