Саясат

Тоқаев Үкіметті таратты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының алдында Тоқаев үкімет өз өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеді. 

“Баршаңызға бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуы құтты болсын! Бүгін еліміз өзінің даму жолында аса маңызды кезеңге аяқ басты. Бұл – мемлекетіміз үшін мән-мағынасы айрықша оқиға, тарихи сәт. Біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып отырмыз. Бүгін жалпыұлттық референдум кезінде Қазақстан халқы қолдаған жаңа Конституцияға сәйкес еліміздің бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтай ресми түрде өз жұмысына кіріседі. Бұл – мемлекетіміздің саяси жүйесінің жаңару үдерісі дәл осы күннен бастау алады деген сөз”, – деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Құрылтай билік жүйесін түбегейлі жаңғыртады.