Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев 16 жасқа толмағандарға желіге тіркелуге тыйым салуды қолдайтынын жеткізді

Тоқаев 16 жасқа толмағандарға желіге тіркелуге тыйым салуды қолдайтынын жеткізді
Сурет: energyprom.kz
Президент өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Осы орайда, Үкімет 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне заң арқылы тыйым салуды ұсынып отыр.

«Бұл мәселеге таяуда өткен Тамыз конференциясында арнайы тоқталып өттім. Мұндай шара әлемнің көптеген елінде қабылданып жатыр. Мен мұны қолдаймын. Осы жұмысқа баса назар аудару қажет деп санаймын", - деді Президент.

Бірақ, Мемлекет басшысының айтуынша, тиісті заңды қабылдасақ, оны толығымен жүзеге асыру мәселесін ойлау керек, себебі, қауқарсыз заң ешкімге қажет емес.

"Энергетика саласының технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, баламалы энергия көздерін дамытуға мүмкіндік беретін заң жобаларын да тездетіп қарастыру маңызды. Сондай-ақ онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселесіне қатысты заңдарға айрықша назар аудару керек. Ақпарат кеңістігінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау қажет", - деді Президент.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Тоқаев Үкіметті таратты
Алдыңғы мақала
Тоқаев Үкіметті таратты

Ұқсас жаңалықтар