"Жетім сарбаздың сұрауы кімде?": Әскерге барып денсаулығынан айырылған жігіт көпшіліктен көмек сұрайды
Семей қаласындағы ТЖМ қарасты 68303 әскери бөлімінің сарбазы комаға түсіп, жан сақтау бөлімінен бірақ шыққан. Таныстарының айтуынша, Мадиярдың ата-анасы, туған-туысы, ешкімі жоқ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, Мадиярдың қазіргі кезде денсаулығы мәз емес. Қазір ол сөйлей алмайды. Бар ойын телефонға жазу арқылы ғана түсіндіріп отырды.
Ендігіде Мадияр өзі борышын өтеген әскери бөлімге тексеріс жүргізілгенін және кінәлілерді жазалауды сұрайды.
«Жетім көрсең жебей жүр демекші Алматыда екі миллион халықтың ішінен Мадиярға да қол ұшын созған мейірімді адамдар кездескен. Мадиярға ел-жұрт болып көмектесейік. Жетімдіктің әбден қорлығын көрген. Өкінішке орай, әскерде оның маңдайынан сипамады», - деп журналист Мадиярды сенімді дәрігерлерлің қолына тапсырды.
Айтуынша, Мадияр әскерге кеткенше, ол жақтан оралғаннан кейін де көлік жуу бекетінде түнеген.