Қоғам

Бір жыл бойы ұтыс бұйырмаған: LOTO 6/49 қатысушысы автокөлік жеңіп алды

Бір жылға жуық уақыт бойы лотерея билеттерін тұрақты сатып алып жүрген Роман Горшков LOTO 6/49-да қосымша жүлденің иесі атанды. Бұған дейін бірде-бір рет ұтысқа қол жеткізбеген ол бұл жолы автокөлік жеңіп алды.

Романның айтуынша, лотерея билетін сатып алу ол үшін бұрыннан қалыптасқан әдетке айналған. Жалақысын аптасына бір рет алатындықтан, әр төлем түскен сайын түрлі лотереяларға қатысып отырған.

— Өзіңіз туралы айтып өтсеңіз. Қазір қай салада еңбек етесіз?

— Негізгі мамандығым — кран машинисі. Қазір слесарь болып жұмыс істеймін.

— Лотереяға қашаннан бері қатысасыз?

— Бір жылдай болды. Әдетте аптасына бір рет билет сатып аламын.

— Неліктен дәл аптасына бір рет?

— Жалақымды апта сайын аламын. Ақша түскен кезде лотерея билетін сатып алу әдетім бар. Осылайша тұрақты түрде қатысып жүрмін.

— Белгілі бір лотереяны таңдайсыз ба?

— Жоқ. Әртүрлі лотереяларға қатысамын. Негізі, олардың барлығы дерлік ұнайды.

— Осыған дейін ұтыс болған ба?

— Жоқ, бір жылға жуық қатыссам да, бұған дейін ештеңе ұтқан емеспін. Сондықтан бірден осындай үлкен жүлде бұйырғанына сену қиын болды.

Роман автокөлік жеңіп алғанын «Сәтті Жұлдыз» Ұлттық лотереясының өкілдері телефон арқылы хабарлағанда білген.

— Қоңырауды естігенде бірден сендіңіз бе?

— Әрине, жоқ. Басында сену қиын болды. Қазірдің өзінде жүлдені қолыма алмайынша, жеңгеніме толық сене алмаймын.

Дегенмен ол қуанышты жаңалығын жақын адамымен бөлісіп үлгерген.

— Жеңісті атап өттіңіз бе?

— Маған хабарласқаннан кейін бірден бауырыма айттым. Екеуміз шағын ғана атап өттік. Бірақ бәрін толық сезіну жүлдені алған кезде болатын шығар.

Жеңімпаз автокөлікке қатысты жоспарын да алдын ала ойластырып қойған. Оның айтуынша, ұтыстан түскен қаражатты қызына баспана алуға жұмсамақ.

— Осы жағдайдан кейін лотереяға деген сеніміңіз өзгерді ме?

— Бұған дейін де сенетінмін. Енді адамның шынымен ұта алатынына өз тәжірибемнен көз жеткіздім.

Ал басқа лотерея қатысушыларына Роман үміт үзбеуге кеңес берді.

— Өз сәтті сәттеріңізді күтіңіздер. Баршаңызға ұтыс тілеймін! — деді LOTO 6/49 жеңімпазы.

Айтпақшы, алдағы жексенбіде TeleBingo лотереясының қатысушылары арасында кезекті пәтер ұтысы өтеді. Пәтер құны 20 млн теңге. Ал, ұтысқа қатысу үшін 3 500 теңгелік ЛотоЖинақ сатып алу керек. Ұтыс 30 тамыз, сағат 10:00-де «31 арна» телеарнасы тікелей эфирінде өтеді.  https://sz.kz/game?gameid=1082&ispack=true&SetLanguage=ru-RU