Қоғам

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірген айыпталушы апеллияциялық шағым түсірді

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне кінәлі деп танылған сотталушы шағым түсірді. Бұл туралы жәбірленуші отбасының адвокаты мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай мен жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлама “Сот кабинеті” арқылы келіп түскен.

“Іс аяқталып, үкім шыққалы бері екі аптадан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде екінші тарап апелляциялық шағым түсіруге құқылы болды. 28 тамызда біз тиісті хабарлама алдық, олардың адвокаттары апелляциялық шағым түсірді. Апелляциялық сатының өкілеттіктері жеткілікті. Ол бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін толық жойып, жаңа шешім шығара алады. Соның ішінде айыптаудың жекелеген баптарын алып тастауға, жаңаларын қосуға немесе жазаны жеңілдетеді”, – деді Сұлтан Серікбай.

Адвокат Аянхан Омаров істі қайта қарау кезіндегі ықтимал процессуалдық әрекеттер туралы айтты.

“Қылмыстық-процестік кодексі 430-бабының 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес, апелляциялық сот алқасы қылмыстық іс бойынша сот-психиатриялық немесе өзге де сараптама тағайындауға құқылы. Бұл жолы мұндай шешімнің қабылданатыны істі апелляциялық сатыда қарау барысында белгілі болады”, – деп атап өтті Аянхан Омаров.

Жәбірленуші тарап өкілдері жаңа сот процесіне дайындалып жатыр.