Саясат

Қазақстанның премьер-министрі болып Олжас Бектенов қалды

Тоқаев премьер-министрге байланысты ұсынысын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарына Олжас Бектеновті Қазақстанның премьер-министрі қызметінде қалдыруды ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

31 тамызда таңертең Құрылтай депутаттары Қазақстанның вице-президенті мен премьер-министрі лауазымдарына үміткерлерді келісу үшін жиналды.

“Сол жиында айтылған пікірлерді ескере отырып Үкімет басшысы лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновтың кандидатурасын ұсынамын”, – деді Тоқаев.