Қоғам

Ләззат Танысбай "Хабар" агенттігіне басшы қызметіне келді

Ләззат Танысбай "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ләззат Танысбайдың телевизия саласында 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Ведомство мәліметінше, ол әр жылдары "Астана" телеарнасын, "НҰР-Медиа" медиахолдингін, "Қазақстан" РТРК" АҚ-ны, "Евразия" телеарнасын басқарған, сондай-ақ Байланыс және ақпарат министрлігінде қызмет атқарған.

"Жинақталған кәсіби және басқарушылық тәжірибе "Хабар" агенттігі" АҚ-ны одан әрі жетілдіруге, қызметтің негізгі бағыттарын дәйекті жаңғыртуға және "24KZ" телеарнасының еліміздің жетекші қоғамдық-саяси телеарнасы ретіндегі рөлін арттыруға бағытталатын болады", - деді министрліктегілер.

Бұған дейін агенттікті басқарған Кемелбек Ойшыбаевтың қызметінен босатылғаны нақтыланды.